Қазақстан мен Ресей ара-аймақтық ынтымақтастығының XXI форумы Оралда өтті. Іс-шараның басты тақырыбы — «Жұмысшы мамандықтары — экономикалық өсудің драйвері»: кадрлар даярлау мен салалардың технологиялық дамуына басымдық беру.
Көрме алаңында Самұрық-Энерго холдингтің негізгі бағыттарын көрсететін экспозиция ұсынды: Екібастұз ГРЭС-2 мен жел энергетикалық қондырғысының макеттері, жұмыс құралдары, сондай-ақ электр станцияларында қолданылатын «ақылды» шлемдер және басқа да жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ). Көрме қонақтары өнеркәсіптік эстетиканың, инженерлік дәлдіктің және еңбекті қорғаудың заманауи шешімдерінің үйлесімін көре алды.
Стендке мектеп оқушылары мен колледж студенттері ерекше қызығушылық танытты. Самұрық-Энерго өкілдері компаниялар тобының кәсіпорындарының жұмысы және бүгінгі таңда энергетика секторында ең сұранысқа ие мамандықтар — жабдықтарды пайдаланудан бастап желідегі цифрлық мониторинг пен қауіпсіздікті басқаруға дейінгі бағыттар туралы айтып берді.
Форумға екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнестің, білім беру және ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты. Бағдарлама іскерлік байланыстарды нығайтуға, аймақтардың өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуетін дамытуға және салаларды цифрландыру жағдайында мамандарды даярлаудың өзекті форматтарын ілгерілетуге бағытталды.
Форум дәстүрлі түрде тәжірибе алмасу, ортақ бастамаларды таныстыру және өнеркәсіп пен оған сабақтас салаларда Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын қалыптастыру алаңы ретінде қызмет етеді.